Батыс Қазақстанда волонтерлер форумы өтті
Форум гибридті форматта өткізілді
Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Өңірлік волонтерлік бастамалар: тәсілдер мен тәжірибелер» тақырыбында Батыс Қазақстан облысының волонтерлер форумы өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Форум 27 қыркүйек күні гибридті форматта өткізілді (топтық іс-шаралар және tedxtalks форматындағы қорытынды Форум).
Форум волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар үшін Батыс Қазақстан облысының аудандарынан келген делегаттар, сондай-ақ Республикалық волонтерлердің фронт-офисі өкілдері қатысқан ірі облыстық іс-шаралардың біріне айналды.
Іс-шара 2 кезеңде өткізілді:
1-ші кезең - Форумның ресми бөлімінде Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы Бисекенов Мирфат Талғатұлы, «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Миронюк Татьяна Александровна, Батыс Қазақстан облысының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Ибраев Аңсар Ихсанұлы, «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мақатов Дулат Нұрланұлы, «Орал студенттер Альянсы» Корпоративтік қорының директоры Серікқалиев Тасболат Серікқалиұлы сөз сөйлеп, форумның жұмысына сәттілік тіледі.
2 кезең – секциялық отырыстардан тұрды. «Әлеуметтік волонтерлік және инклюзия» тақырыбындағы секциялық отырыста «Мейірім» мүгедек балалар мен олардың ата-аналарының Батыс қазақстандық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бекказиева Элеонора Сагиевна, «Денсаулық сақтау саласындағы волонтерлік» тақырыбындағы секциялық отырыста Алғашқы көмек көрсету тренері, Күміс волонтер, «Халық алғысы» медалінің иегері Тенешова Светлана Владимировна, «Көшбасшылық дағдыларды дамыту» секциялық отырысында БҚО қоғамдық даму басқармасының жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы Бисекенов Мирфат Талғатұлы, «Волонтерлікті мемлекеттік стандарттау» секциялық отырысы бойынша волонтерлік ұйым жетекшілерімен 2024-2026 жылдарға волонтерлікті дамытудың мемлекеттік стандарты бойынша жол картасының әзірлеушісі, сарапшы Амреева Елена Вадимовна, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Миронюк Татьяна Александровна, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы диркторының орынбасары Досымбетов Айбек Аяпбергенұлы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Форум барысында сарапшылардың, аудандардан келген волонтерлердің қатысуымен, Батыс Қазақстан облысында волонтерлік корпусты дамытудағы оң тәжірибелер талқыланып, үздік волонтерлік жобалардың таныстырылымы дискуссиялық алаңда өткізілді. Үздік волонтерлік жобалар қатарында «Menin Armanym» Корпоративтік қорының Батыс Қазақстан облысындағы өкілі Кунеев Мұса Сансвайұлы, «Жебе» жастар бірлестігінің жетекшісі Хаметов Салық Мағзомұлы, Оқушылар сарайының «Bala Time» волонтерлік жобасының жетекшісі Дәулетова Сабина Серікқызы, «Qadam» экологиялық қозғалысының көшбасшысы Наргиза Ерболатова болды.
Батыс Қазақстан облысы волонтерлер форумының қатысушылары волонтерлік әлеуетті арттыру адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға, мемлекеттер мен жалпы әлемнің тұрақты және үйлесімді дамуына ықпал ететініне сенім білдіреді.