$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таулы Қарабақ: бензин қоймасындағы жарылыстан опат болғандар саны 125-ке жетті

Жарылыс болғат сәтте жанармай бекетінде ұзын-сонар кезек болған

Таулы Қарабақ: бензин қоймасындағы жарылыстан опат болғандар саны 125-ке жетті
Фото: armenpress.am

Таулы Қарабақтағы бензин қоймасындағы жарылыс құрбандарының саны 125-ке жетті. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Еuronews.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Армяндар Степанакерт, ал әзербайжандар Ханкенди деп атайтын Таулы Қарабақ астанасының маңындағы жанармай құю станциясында 25 қыркүйекте бензин құйылған цистерна жарылған болатын.

Армения денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, марқұмдардың денесі республика аумағына жеткізілген.

«Жараланған тағы 67 адам күйік орталығында, олардың көпшілігінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Жарылыс болғат сәтте жанармай бекетінде бензин құю үшін ұзын-сонар кезек жиналып тұрған. Қайғылы оқиғаның себептері туралы әлі ресми хабарланған жоқ», - делінген хабарламада.

«Франс Пресс» агенттігі бұған дейін жергілікті дереккөздерге сілтеме жасап, 68 адамның опат болғанын, сонымен қатар 290 тұрғынның жараланғанын және 105 хабар-ошарсыз кеткендер туралы мәлімет келтірген.

Айта кетерлігі, 28 мыңнан астам босқын Армения шекарасына өтті. Бұл туралы Армения Үкіметі хабарлады. Тағы 7 320 адамның жеке деректері әлі де тіркелуде, делінген хабарламада. Армения Үкіметі кетуге шешім қабылдағандардың барлығын қабылдайтынын жариялады. Ал, ресми Баку аймақты қайта біріктіру жоспарын жүзеге асыра бастайтындарын айтты.

«Адамдарға травматикалық синдром кезінде қолдау аса қажет. Олар қатты шаршаған және шұғыл психоәлеуметтік қолдауды қажет етеді. Армения Үкіметі тиісті шаралар қабылдауда және қажет болған жағдайда қолдау сұрап халықаралық қауымдастыққа жүгінетінін мәлімдейді. Қазір Үкіметтің өтініші бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы көмек көрсетуде», - дейді БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының өкілі Шабия Манту.

Сымбат ҒАЛЫМЖАН

Серіктес жаңалықтары