26.09.2023, 14:58
Жаңалықтар
Қоқысты өңдеу жобаларына 38 млрд теңге бөлінеді - Нысанбаев
7 жобаны іске асыру қарастырылған
Фото ашық дереккөзден
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Экология министрі Ерлан Нысанбаев жылда елімізде қоқыстың көп жиналатынын, алайда оны өңдейтін зауыттың жоғын айтты, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
“Біз бұл мәселемен жүйелі түрде айналысамыз. Себебі, елімізде 4,5 млн тонна қоқыс жиналады, өкінішке қарай соның 25-27 пайызы ғана қайта өңделеді. Министрлік бүгінгі таңда өңірлермен келісе отырып, 20-дан астам жоба қарастырды. Оның ішінде іске асыру үшін 7 жобаны нақты белгілеп қойдық”, - деді Ерлан Нысанбаев.
Оның айтуынша, жобалардың құны - 38 млрд теңге. Сондай-ақ министр құрылыс қалдықтарын жинап, оны өңдеу мәселесін жергілікті әкімдіктермен шешетінін атап өтті.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды