Ақтөбеде «Гүлдер әлемі» гүлдер фестивалі өтті

Фестивальге қатысуға кәсіпкерлер мен түрлі мекемелерден барлығы 250 өтініш түскен

Ақтөбеде «Гүлдер әлемі» гүлдер фестивалі өтті
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Ақтөбеде «Гүлдер әлемі» гүлдер фестивалі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оған қала кәсіпорындары, жеке кәсіпкерлер, оқу орындарының, балабақшалар мен мектептен тыс ұйымдардың ұжымдары, сондай-ақ әуесқой гүл өсірушілер қатысты.

Қатысуға барлығы 250 өтініш түсті.

Әдемі шараға қала әкімі Азамат Бекет келіп, көрмені тамашалап, бағбандармен және гүл өсірушілермен әңгімелесті, оларды мерекенің ашылуымен құттықтады.

«Бұл «Гүлдер әлемі» фестивалі ақтөбеліктер үшін дәстүрге айналды, танымдық іс-шара табиғатқа ұқыпты қарауға үйретеді, қоршаған ортаны қорғауға баулиды. Біздің сүйікті қаламызда шығармашылыққа бейім, табиғаттың әдемілігін жеткізе алатын талантты жандар бар. Біз осы гүл өсірушілерді, бағбандарды тарта отырып, қаланы абаттандырамыз», - деп атап өтті Азамат Бекет.

Фестиваль қатысушылары үздік гүл композициялары үшін 12 номинация бойынша марапатталды.

Бүгін қала тұрғындары көрме-жәрмеңкеде гүл ғана емес, шай мен балдың түрлі сорттарын, көпжылдық көшеттерді де сатып алуға мүмкіндік алды.

Іс-шара жергілікті мәдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.