Шымкентте терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудырмақ болған тұрғын сотталды

Автор: Мира Байбек

Оның кінәсі толықтай дәлелденді

Коллаж: Azattyq Ruhy

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады.

«Сотталған интернетте радикалды уағызшылардың дәрістерін зерделеп, Сириядағы діндестерімен байланыста болып, жалған атпен әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық экстремизм идеологиялық материалдарын жариялаған», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.

2023 жылғы 17 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.