Ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды
Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 млрд теңгеге жуық, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген. Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған», - - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.
Қазіргі кезде ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.
«Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді ведомство өкілі.