21.09.2023, 05:39
Жаңалықтар
iPhone 15 шыққан күні Apple қызметкерлері Парижде ереуілге шығады – Franceinfo
Олар жалақыны көтеруді талап етпек
Фото ашық дереккөзден
Париждегі Apple дүкендері жаңа iPhone 15 іске қосылуына байланысты 22 және 23 қыркүйекте жалақының төмен болғаны үшін ереуілге шығады. Бұл туралы француздық franceinfo радиосы жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз әлемдегі ең бай компанияның қызметкерлері ретінде лайықты өмір сүруімізді сұраймыз», - дейді компания кәсіподағының төрағасы Рено Шатору.
Ереуіл Франциядағы жиырма дүкенде өтеді. Сонымен қатар, дүкендердің бірі орналасқан Париждегі опера алаңында демонстрация өтеді. Дүкен жұмыстарының тоқтауы бір сағаттан екі күнге дейін созылуы мүмкін.
Ереуілдің негізгі себебі қызметкерлердің жалақыны көтеру туралы талабы болмақ. Кәсіподақтар 7% өсуді сұрайды, ал компания басшылығы тек 4,5% көтеруге дайын.
Көп оқылған
29.07.2026, 10:24
Аптап ыстықтың беті қайтады: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді
29.07.2026, 13:36
Тағы да той кортежі: Жамбыл облысында елді шошытқан жас жігіт әлеуметтік желі арқылы табылды (ВИДЕО)
30.07.2026, 12:13
Әйелін бауыздап өлтіріп, мәйітін ауладағы дәретханаға тастай салған: Қостанай тұрғыны небәрі 11,5 жылға сотталды