$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте шенеунік 700 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынды

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

Шымкентте шенеунік 700 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынды
Коллаж: Azattyq Ruhy

Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасына қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Күдікті өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыстар мен материалдардың бағасын негізсіз қымбаттатқан. Ол 700 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде», - делінген агенттік хабарламасында.

Сот санкциясымен аталған азамат ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

«ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі», - деп ескертеді агенттік өкілдері.

Серіктес жаңалықтары