Бұл туралы Ерлан Қошанов айтты
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 40 мың адамға нақты көмек көрсетілді. Бұл туралы ҚР Мәжілісінің спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «Qazaqstan» арнасына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Партиямыздың «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 40 мың адамға нақты көмек көрсетілді. Президент аталған жобаның тиімділігін ескеріп, Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырды. Біз бұл жұмысты бастап кеттік», – деді Ерлан Қошанов.