ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұрынғы лауазымынан босатылды

Фото: gov.kz

Жандос Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», - делінген Мемлекет басшысының қаулысында.

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметін атқарған болатын.