$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еуропалық одақ TikTok-қа 368 млн доллар айыппұл салды

Сондай-ақ әлеуметтік медиа алыбы өз қызметін үш ай ішінде ережелерге сәйкес келтіруге міндеттелді

Еуропалық одақ TikTok-қа 368 млн доллар айыппұл салды
Фото ашық дереккөзден

Еуропалық ережелерге сәйкес балалардың жеке өмірін қорғай алмағаны үшін Tik Tok-қа Еуропалық Одақ 368 миллион доллар айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Еуропалық Одақ жұма күні Tik Tok әлеуметтік желісіне кәмелетке толмағандарға қатысты ақпаратты өңдеу кезінде Брюссельдің деректерді қорғау жөніндегі қатаң ережелерін (GDPR) бұзғаны үшін 345 миллион еуро ($368 миллион) айыппұл салды.

TikTok 2020 жылдың 31 шілдесі мен 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығында ЕО-ның құпиялылық туралы бірқатар заңдарын бұзған, делінген Ирландияның деректерді қорғау комиссары (DPC) мәлімдемесінде.

Tik Tok-тың штаб-пәтері Дублинде орналасқан. Сонымен қатар ЕО атынан әрекет ететін ирландиялық деректерді қорғау комиссиясы әлеуметтік медиа алыбын өз қызметін үш ай ішінде ережелерге сәйкес келтіруге міндеттеді.

Айыппұл 2020 жылдың шілдесі мен желтоқсан айлары аралығында жасалған бұзушылықтар туралы екі жылдық тергеуден кейін салынып отыр.

Айта кетейік,  Tik Tok кәмелетке толмағандардың жеке деректерін қорғай алмағаны үшін алғаш рет жазаланып отырған жоқ. Әлеуметтік желіге 2019 жылы АҚШ шамамен 5 миллион доллар айыппұл салса, Нидерланды 2021 жылы 750 мың еуро айыппұл салған болатын. Өткен жылдың сәуірінде Ұлыбритания осындай құқық бұзушылықтар үшін әлеуметтік желіге шамамен 15 миллион еуро айыппұл салды.

Серіктес жаңалықтары