Жазылып шыққандардың жалпы саны 14 адамға жетті
Нұр-Сұлтанда он екінші адам коронавирустан жазылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қазіргі таңда инфекциядан жазылып шыққан адамдардың саны Нұр-Сұлтан қаласында – 12, Алматы қаласында – 2.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың саны 200-тен асты. Оның ішінде: Нұр-Сұлтанда - 117 адам, Алматы қаласы - 58, Қарағанды қаласы - 4, Жамбыл облысында - 3, Атырау облысы - 4, Ақмола облысы - 5, Шымкент қаласы - 2, Шығыс қазақстан облысы - 2, Алматы облысында - 4, Ақтөбе облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысы - 1, Павлодар облысы -1, Маңғыстау облысында - 1, Қызылорда облысы - 1 адам.