14.09.2023, 15:58
Жаңалықтар
Таиланд қазақстандықтар үшін уақытша визасыз режим енгізеді
Ал ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет
Фото: primamedia.ru
Қазақстан азаматтары Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
«Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді», - деп жазылған хабарламада.
Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет.
Жарамды жол жүру құжаты – ҚР азаматының паспорты, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті