04.09.2023, 12:32
Жаңалықтар
«Қазақстан» шахтасында өрт ошақтарын сөндіру жұмысы жалғасып жатыр – ТЖМ
Шахтада 9 бөгет тұрғызылды және 100% толтырылды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан болған топтық апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы 10 жұмыс күніне ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазір шахтаның апаттық учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп, көмек көрсетуге 14 кенші жұмылдырылған.
«Тоғыз бөгет тұрғызылды және 100% толтырылды, 3 бөгеттің құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, газ мөлшері бақылауға алынған. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды