$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатылды
Фото ашық дереккөзден

Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Ғ. Пірматов 1972 жылы 24 сәуірде дүниеге келген.

Новосібір мемлекеттік университетін (1993), Қазақстан экономика және болжау менеджменті институтын (1995), Atkinson Graduate School of Management, Willamette University (MBA бағдарламасы бойынша) (АҚШ, 2001), көшбасшылықты жетілдіру бағдарламасы бойынша INSEAD бизнес-мектебін, LEAP (2015) бітірген.

1994-2005 жылдары – Қазақстан компанияларында және шетелдік компанияларда (АҚШ, Украина) басшылық лауазымдарды  атқарды.

2005-2007 жылдары – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жобалық қаржыландыру басқармасының бастығы, басқарушы директор – инвестициялық банкинг департаментінің директоры болып қызмет етті.

2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;

2009-2011 жылдары – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті;

2011-2015 жылдары – «Cameco Kazakhstan» компаниясының президенті;

2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары;

2017-2021 жылдары – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы болды;

2022 жылы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің №803 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары