Қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгереді
Бүгін, 3 қыркүйек Астанада халықаралық марафонға байланысты қоғамдық көлік ішінара шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! «Astana Marathon 2023» халықаралық марафонының өтуіне байланысты 3 қыркүйекте сағат 7:00-ден 12:00-ге дейін қала бойынша автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі. Осыған байланысты, бірнеше қалалық бағдарлардың қозғалыс сызбасында өзгерістер болады. Өз сапарларыңызды алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз!» - деп жазды «City Transportation Systems» ЖШС.