$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңа мнистрлік қордаланған мәселелерді жүйелі түрде шешеді деп үміттенеміз – Еділ Жаңбыршин

Депутаттың пікірінше, Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылуы оң шешім болды

Жаңа мнистрлік қордаланған мәселелерді жүйелі түрде шешеді деп үміттенеміз – Еділ Жаңбыршин
Фото ашық дереккөзден

Еліміз үшін су ресурстарының аса маңызды екенін ескере отырып көптен бері осы сала бойынша министрлік құру туралы ұсыныстар айтылып келген. Тіпті, бұл мәселе өткен Мәжілістің 7-ші шақырылымында ұйымдастырылған Қазақстандағы су перспективасы тақырыбындағы Парламенттік тыңдаулардың ұсынымына да қосылған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Міне, бүгін Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында жаңа су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын жария етті. Тиісті министрлік болашақта еліміздің су проблемаларын реттеп, қордаланған мәселелерді жүйелі түрде шешеді деген үмітіміз зор. Президент шешімі сәтті болғай!», - деп жазды депутат.

Серіктес жаңалықтары