03.09.2023, 09:21
Жаңалықтар
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды
Қалған өңірлерде метеорологиялық ахуал тұрақты
Фото ашық дереккөзден
Бүгін, 3 қыркүйекте Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мекеме мәліметінше, 3 қыркүйек, жексенбі күні Алматы Шымкент және түнде Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды. Ал қалған қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)