Соңғы жағдай Алматыда тіркелген
27 наурыз сағат 10:20-ғы жағдай бойынша Алматыда тағы бір адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Еске салайық, бүгін таңертең оңтүстік астанада тағы 7 адамның ағзасынан коронавирус табылғаны хабарланған болатын.
Осылайша, Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 121-ге жетті. 26 наурызда елордада аталған індеттен бір адам көз жұмған болатын.
- Нұр-Сұлтан – 60
- Алматы – 48
- Қарағанды – 4
- Шымкент – 2
- Ақмола облысы – 1
- Алматы облысы – 1
- Ақтөбе облысы – 1
- Жамбыл облысы – 3
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1
Айта кетейік, 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі күшейтіледі. Сонымен қатар, Шымкентте де бірқатар шектеулер енгізілді.