31.08.2023, 11:45
Жаңалықтар
Ресей консулдығы Евгений Бобровтың жұмыстан кетуін түсіндірді
Ол 65 жасқа толып, зейнеткерлікке шыққан
Фото ашық дереккөзден
Ресей консулдығы бас консул Евгений Бобровтың Қазақстаннан неге кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қоғамда Евгений Бобровтың мерзімінен бұрын қызметінен кетуіне қатысты түрлі ақпарат тараған еді.
Алматыда елші болған ол «Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тарылып бара жатыр» деп мәлімдеме жасаған болатын.
Кейіннен Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдің консулы қызметінен кеткенін хабарлады.
«Ресейдің Алматыдағы Бас консулы Е.П. Бобров 65 жасқа толып, Ресей Федерациясының мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес дипломатиялық миссиясын аяқтап, зейнеткерлікке шығып, еліне кетті», - делінген консулдықтың ресми сайтында.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті