БҚО-да шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 10 Ауғанстан азаматы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұсталған азаматтарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды

Фото ашық дереккөзден

БҚО полицейлері Ауғанстан Республикасының 10 азаматын қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми хабарламаға сүйенсек, 24 тамыз күні «Учаске» жедел-профликалық іс-шарасын өткізу барысында Бөрлі аудандық полиция қызметкерлері ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпекші болған Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді.

«Болжамды мәліметтерге сүйенсек, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған. Ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 514-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кейін жинақталған материалдар әрі қарай шешім шығару үшін Бөрлі аудандық сотына жолданатын болады», - деп жазды ведомстводан.