$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БРИКС елдері қауымдастықты кеңейтуге қатысты құжатты қабылдады

БРИКС-ке қосылуға барлығы 22 ел ресми өтінім берді

БРИКС елдері қауымдастықты кеңейтуге қатысты құжатты қабылдады
Фото: tvbrics.com

БРИКС елдері қауымдастықты кеңейту параметрлерін белгілейтін құжатты қабылдады. Бұл туралы Оңтүстік Африка СІМ басшысы Наледи Пандор Ubuntu Radio радиостанциясының эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз қауымдастықты кеңейту мәселесі бойынша келісіп, құжатты қабылдадық. Онда БРИКС-ке мүше болғысы келетін елдердің өтініштерін қарастыру принциптері, процестері көрсетілген», - деп атап өтті Пандор.

Пандор 24 тамызда саммит аяқталғанға дейін бес елдің басшылары топтың кеңеюіне қатысты қосымша мәліметтерді нақтылауы керек деп атап өтті.

Қарастырылып отырған кеңейту туралы келісім БРИКС-ке қосылуға мүдделі ондаған үміткер елдерге жол ашпақ.

БРИКС-ке қосылуға барлығы 22 ел ресми өтінім берді: Алжир, Аргентина, Бангладеш, Бахрейн, Беларуссия, Боливия, Венесуэла, Вьетнам, Гондурас, Египет, Индонезия, Иран, Қазақстан, Куба, Кувейт, Нигерия, Біріккен Араб Әмірліктері, Палестина Мемлекеті, Сауд Арабиясы, Сенегал, Тайланд және Эфиопия.

БРИКС – 2006 жылы маусымда Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай экономика министрлерінің қатысуымен өткен Санкт-Петербург экономикалық форумы аясында құрылған мемлекетаралық бірлестік. Кейінірек оған Оңтүстік Африка Республикасы қосылды.

Серіктес жаңалықтары