Kaspi Bank бөлімшесіне қарулы шабуыл жасаған адамға қатысты іс сотқа жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Алайда қылмыстық істің қаралатын күні әзірге белгісіз

Фото ашық дереккөзден

Биыл 18 маусымда Астанадағы Kaspi Bank ғимаратында қарулы азамат адамдарды кепілге алған болатын. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс сот қарауына жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына келіп түсті. Қаралатын күні әзірге белгісіз», - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, биыл 18 маусымда қаруланған ер адам елордадағы Kaspi банк ғимаратында бірнеше адамды тұтқында ұстап отырған.

Оқиға орнына Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өзі барып, қарулы адаммен келіссөз жүргізген еді.

Көп ұзамай полиция қызметкерлері кепілдегі азаматтарды босатты.