Үндістанда көпір опырылып, кем дегенде 17 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға кезінде құрылыс алаңында 35-40 адам болған

Үндістанда көпір опырылып, кем дегенде 17 адам қаза тапты
© Twitter.com

Үндістанның шығыс аймағындағы Мизорам штатында салынып жатқан теміржол көпірі опырылып, кем дегенде 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

The Times of India басылымыың жазуынша, қайғылы оқиға бүгін, яғни сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00 шамасында Аиджал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырымдай қашықта болған.

«17 адамның мәйіті табылды, көбісі із-түзсіз жоғалып кетті», - деп мәлімдеді жергілікті полиция өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша, көпір опырылған кезде құрылыс алаңында 35-40 адам болған. Қазіргі кезде құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қаза болғандардың отбасына көңіл айта келе, Ұлттық көмек қорынан оларға 200 мың рупий және зардап шеккендерге 50 000 рупий бөлуді тапсырды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.