Елордада COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 55 адамға жетті
Елімізде коронавирус жұқтырғандар қатары тағы 9 науқаспен толығып, жалпы саны 97 адамға жетті деп хабарлайды coronavirus2020.kz порталы.
26 наурыз сағат 12:20 жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда тағы 9 адамнан коронавирус анықталған. Бүгін таңертең елімізде 7 адамның ауру жұқтырғаны хабарланған еді.
- Нұр-Сұлтан – 55 науқас
- Алматы – 34 науқас
- Қарағанды – 2 науқас
- Алматы облысы – 1 науқас
- Ақтөбе облысы – 1 науқас
- Шымкент – 2 науқас
- Жамбыл облысы – 1 науқас
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1 науқас.
Айта кетейік, елімізде коронавирустың кең таралуына жол бермеу мақсатында 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды. Ал, 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин енгізілген.