Тоқаев Вьетнамда тағы бір ірі компанияның өндіріс алаңын аралап көрді

Кәсіпорында жылына 80 мыңнан аса бұйым өндіріледі

Тоқаев Вьетнамда тағы бір ірі компанияның өндіріс алаңын аралап көрді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Вьетнам сапарында арнайы барып танысқан тағы бір нысан – Hyosung Financial System Vina компаниясы, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын жаңа үлгідегі банкоматтар, автоматты касса аппараттарын (TCR) шығарады, сондай-ақ банк-қаржы саласына арналған бағдарламалар жасайды.

Кәсіпорында жылына 80 мыңнан аса бұйым өндіріледі.

Бұдан бөлек, компания озық технологияларға көшу, өнім сапасын арттыру, Вьетнамда ақпараттық технологиялар бағытындағы адам капиталын дамытуға ықпал ету үшін өндіріс жанынан зерттеу орталығын ашқан.

«Зауыттың өндіріс желісімен танысқан Мемлекет басшысы қаржы технологиясы саласында тәжірибе алмасу қажет екеніне назар аударды», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.