21.08.2023, 21:59
Жаңалықтар
Қостанай облысы Наурызым қорығында бірнеше жерден өрт шықты
Өртті жоюға 86 адам және 32 техника жұмылдырылды
Фото ашық дереккөзден
Қостанай облысы Наурызым қорығында бірнеше өрт ошағы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 тамызда сағат 16:30-да Қостанай облысында Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының аумағында алдын ала болжам бойынша құрғақ шөп пен бұталар өртеніп, өрт 50 га алаңдағы орман алқаптарына өтті.
Шолақсай ауылынан 15 км аумақта тағы бір өрт ошағы шықты.
Үшінші ошақ Қарамайшы бөлімшесінен 20 км қашықтықта анықталды.
Өртті жоюға 86 адам және 32 техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)