20.08.2023, 17:42
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Вьетнамға ресми сапармен барды
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі
Фото: t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Ханойдың «Ной Бай» әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті