Ол 9 тамызда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен
Қызылорда қаласында 32 жастағы азаматша 11 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда қаласында тұратын 32 жастағы тұрғын Жанерке Байзақова үйінен 9 тамызда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.
«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері төмендегіше: бойы – 1,70-1,75 см, орта денелі, көзі қара, шашы қоңыр түсті. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8-(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қаласы Полиция басқармасы таратқан хабарламада.