19.08.2023, 16:31
Жаңалықтар
Қазақстанда кеншілер 55 жастан бастап зейнетке шығуы мүмкін
Бұл туралы Үкімет басшысы айтты
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанда енді кеншілер 55 жастан бастап зейнетке шығуы мүмкін. Бұл туралы Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасында апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында кеншілер үшін зейнеткерлік жасты төмендету мәселесі көтерілді.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта кеншілерге ертерек – 55 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр.
Айта кетейік, бүгін Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, «Қазақстан» шахтасында жоғалып кеткен және осындағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесті.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді