Павлодарда ер адам 7 жасар өгей қызын зорлады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы «Не молчи.kz» қоры хабарлады 

Фото: kubnews.ru

Павлодарда ер адам өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 365info.kz – ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы «Не молчи.kz» қоры хабарлады. Аталған бірлестіктің ақпараты бойынша, гинеколог 7 жасар қыз баладан тән жарақаттарының барын растаған. Алайда сот-медициналық сараптамасы жарақаттың барын жоққа шығарып отыр.

Полицейлер «көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын және қажетті сараптамалардың тағайындалғанын айтты.