Өнер мектебінің оқушылары биылдан бастап ыстық тамақпен қамтылады

Azattyq Rýhy

Бұған дейін тек интернатта жатып оқитын оқушыларға ғана тамақ беріліп келген

Өнер мектебінің оқушылары биылдан бастап ыстық тамақпен қамтылады

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты өнер мектебінің оқушылары биылдан бастап ыстық тамақпен қамтылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министрлікке қарасты өнер мектептерінде мыңға жуық оқушы бар. Олар бұға дейін ыстық тамақпен мүлдем қамтылмаған еді. Тек интернатта жатып оқитын оқушыларға ғана тамақ беріліп келген.  

«Министрліктің қарамағында 965 баланы қамтитын 2 мамандырылған мектеп интернат (К.Басейітова атындағы және А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп интернаттары) және 3 жоғары оқу орындары қарамағында (Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, ҚазҰХА, ҚазҚӨУ) 700-ден астам баланы қамтитын мектептер қызмет атқарады. Ағымдағы жылы 2023 жылғы бюджетті нақтылау шеңберінде Министрлікке қарасты орта білім беру мекемелеріндегі 1-4 сынып аралығындағы барлық баланы ыстық тамақпен қамту мақсатында бюджеттік қаражат қарастырылған. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүзеге асырылады», - деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ биылдан бастап бастуыш сыныптың оқушыларына отбасының әлеуметтік жағдайына қарамастан ыстық тамақ тегін беріледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.