14.08.2023, 10:09
Жаңалықтар
Павлодарда 85 жастағы қария жоғалып кеткен
Николай Ткаченко 12 тамызда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған
Павлодарда 85 жастағы қария жоғалып кетті. Vita іздеушілер жүйесінің мәліметінше, қарияның туыстары өздігінен іздеу шараларын жүргізген, алайда нәтиже болмаған соң іздеуге Vita еріктілері қосылған, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Зейнеткер жоғалып кеткен саяжай алқаптары мен ауруханалар тексерілуде. Қария есінен айырылған. Сұр шалбар, ақшыл түсті жейде, қара күртеше мен қара аяқ киім киген. Таяқпен ақырын жүреді, өзімен бірге сөмкесі болуы мүмкін», – дейді еріктілер.
Қарияны көрген немесе оның қайда жүргені туралы білетін адамдар болса, 7 (747) 615 55 63 Катерина, +7 (777) 334 82 01 Светлана нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
23.11.2026, 08:17
Сүйінші: Маңғыстауда бір жыл бұрын үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел сәби сүйді
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
