Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бірқатар өңірде бұршақ жауып, дауыл тұрады

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 12 тамызда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады деп болжануда. Батыстан жел соғады облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіңі 15-20, кей уақытта 25-28 м/с. 12 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Астанада найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 12 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. 12 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 12 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 12 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с. 12-14 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 12 тамызда облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. 

Абай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл соғады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. 12 тамызда облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с. 12 тамызда облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, бұршақ, дауыл тұрады. Солтүстіктен жел соғады түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта екпіні 23-28 м/с. 12 тамызда облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. 12 тамызда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте 12 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15- 20 м/с.