11.08.2023, 22:54
Жаңалықтар
БҚО-да визасыз жүрген Үндістан азаматтары ұсталды
Ұсталған азаматтар Қазақстанға турист ретінде келгені белгілі болды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
БҚО-да визасыз жүрген Үндістан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 тамыз күні Бөрлі ауданының тәртіп сақшылары Үндістан елінің 12 азаматын ұстады.
Тексеру барысында аталған 12 шетел азаматының 8-інде ҚР аумағында визасыз болу мерзімі аяқталғаны белгілі болды.
8 шетелдікке қатысты ӘҚбтК-нің 517-бабы «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапкершілікке тарту үшін іс сотқа жолданды.
Ұсталған азаматтар Қазақстанға турист ретінде келгені белгілі болды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)