$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында биыл Конго-Қырым қанды безгегіне шалдыққандар саны 12 адамға жетті

Өңір Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан

Қызылорда облысында биыл Конго-Қырым қанды безгегіне шалдыққандар саны 12 адамға жетті
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында биыл Конго-Қырым қанды безгегіне шалдыққандар саны 12 адамға жетті. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыста жыл басынан бері кене шаққан 1 023 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл азаматтар 14 күн бойы медициналық бақылауда болды.

«Науқас адамдардың 6-ауы Жанақорған, 3-еуі Шиелі аудандарында тұратыны анықталса, Қармақшы, Сырдария мен облыс орталығында ол 1 жағдайдан тіркелді. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық-энтомологиялық зерттеу жүргізіліп, залалсыздандыру жұмыстары жасалды», - делінген хабарламада.

Қызылорда облысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Биыл аталған аса қауіпті ауру бойынша облыста 106 елдімекен қолайсыз болып белгіленді. Осыған орай кенеге қарсы көктемгі өңдеу жұмыстары жоспарлы түрде 2 кезеңмен облысымыздың барлық ауданы мен Қызылорда қаласындағы қолайсыз елді мекендерде жүргізілді. Залалсыздандырудың алдағы кезеңін 16 тамыздан бастап жүргізу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары