05.08.2023, 11:49
Жаңалықтар
Абай облысындағы табиғи өрт оқшауланды
Қызыл жалын қамтыған аудан 27 гектарды құрайды
Фото ашық дереккөзден
Абай облысында «Семей орманы» резерватындағы табиғи өрт оқшауланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызыл жалын бүгін, 5 тамызда сағат 10:21-де оқшауланды.
«5 тамызда сағат 10:21-де «Семей Орманы» резерваты территориясындағы орман алқабының өрті оқшауланды. Резерваттың мәліметінше, қызыл жалын қамтыған аудан 27 гектарды құрайды», - делінген хабарламада.
Жағдайдың тұрақтануына байланысты ТЖМ бөлімшелері тұрақты орналасқан жерлеріне оралғаны да нақтыланады.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
