Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады
Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жауады. Тек батыста және оңтүстікте жауын шашынсыз ауа райы күтілуде. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде қатты жел соғып, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.