Қарағандыда ауыл тұрғынынан киік мүйіздері мен тіркелмеген 5 қару тәркіленді

Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді

Қарағандыда ауыл тұрғынынан киік мүйіздері мен тіркелмеген 5 қару тәркіленді
Фото: polisia.kz

Қарағандыда ауыл тұрғынынан киік мүйіздері мен тіркелмеген 5 қару тәркіленді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

24 шілде күні Нұра аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметіне қарасты табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. 

Іс-шара барысында 34 жастағы ауыл тұрғынының жылқы баптаумен айналысатын шаруашылықтың малшысы тұратын үйіне назар аударды. Оны тексеру барысында полиция қызметкерлері бес дана киік мүйізін тәркіледі. Малшы киік мүйіздерін жайылымнан тауып алғанын айтты. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.  Сондай-ақ тәртіп сақшылары малшы тұратын вагоннан тіркелмеген 5 қару тәркіледі. Алынған қаруларға сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.