$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Грекиядағы орман өрті: он мыңға жуық турист эвакуацияланды

Родос аралында сәрсенбіден бері 50-ге жуық өрт ошағы тіркелген 

Грекиядағы орман өрті: он мыңға жуық турист эвакуацияланды
Фото: thefaq.gr

Грекияның Родос аралындағы орман өртінен қашқан мыңдаған турист пен жергілікті тұрғындар жексенбі күні мектептер мен баспаналарды паналады, олардың көпшілігі жеке қайықтармен эвакуацияланды, өйткені жалын курорттар мен жағалаудағы елдімекенлерге қауіп төндіре бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Reuters агенттігінің жазуынша, сәрсенбіден бері 50-ге жуық өрт ошағы тіркелген аралдың оңтүстік-шығыс жағалауындағы шипажайлар мен тұрғын үйлерден шамамен 20 000 адам көшірілген.

«Туристер қауіпсіз жерге жету үшін аптап ыстықта бірнеше шақырым жаяу жүріп өткенін айтады. Өрт қалың орманды жайпап, ағаштардың қарайған қаңқасын ғана қалдырған. Өрттен өлген жануарлар жол бойында өртеніп кеткен көліктердің қасында жатыр», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Грекияның көптеген аумағында соңғы аптадағы температура Цельсий бойынша 40 градустан (Фаренгейт бойынша 104 градус) жоғары болып отыр. Төтенше жағдайлар қызметі Родостан басқа, Афинаның шығысындағы Эвиа аралында және оңтүстік-батысындағы Корфу аралында өртпен күресіп жатыр, онда билік сақтық шарасы ретінде бірқатар шағын елдімекендерді эвакуациялауға бұйрық берді.

Сондай-ақ туроператорлар өрт болып жатқан аймақтарға ұшатын әуе рейстерін кейінге шегерді.

Грекияның батысындағы Корфу аралындағы алапат өрт өршіген үстіне өрши түскен. Тұрғындарды теңіз арқылы эвакуациялау үшін аймаққа қайықтар жіберілген.

«Жағалау күзетінің кемелері мен жеке қайықтары сенбі күні 10 мыңнан астам турист пен бірнеше мың тұрғынды қауіпсіз жерге алып шықты», - деп жазады жергілікті басылымдар.

Өрт сөндіру қызметінің өкілі Родостағы орман өрттерінен аралдың орталық және оңтүстік-шығыс бөліктеріндегі қонақүйлердің 10% зардап шеккенін айтты.  

Родос пен Корфу Грекиядағы негізінен Ұлыбритания мен Германиядан туристер келетін ең танымал демалыс орындары саналады.

Серіктес жаңалықтары