24.07.2023, 15:40
Жаңалықтар
Қазақстандық спортшылар пара каратэдан Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды
Жарысқа 6 мемлекеттен 50 спортшы қатысты
21-23 шілде аралығында Малайзияның Малакка қаласында пара каратэдан Азия чемпионаты өтті. Аталған сайыста қазақстандық спортшылар а 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа 6 мемлекеттен 50 спортшы қатысты.
«Азия біріншілігінде Қазақстан тарапынан 5 спортшы қатысып, 2 «алтын» және 2 «күміс» медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, Ляззат Жүсіпова, Хазгүл Измағамбетовалар жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алса, Дидар Мұхамеджанов, Нұржайна Жаннетовалар ел қоржынына қос күміс жүлдені салды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды