24.07.2023, 09:10
Жаңалықтар
Индонезияда паром апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты
Тағы 19 адам із-түзсіз жоғалып кетті
Индонезияның Сулавеси аралында паром апатқа ұшырап, кем дегенде 15 адам қаза тапты, 19 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Reuters агенттігі елдің Ұлттық іздеу-құтқару операциялары басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Әкімшілік мәлімдемесіне сәйкес, түн ортасында суға батқан паромда 40 жолаушы болған. Оның 19-ы із-түзсіз жоғалып кетсе, 6-уы аман қалған.
«Қаза тапқандардң аты-жөні анықталып, денелері отбасыларына берілді, ал тірі қалғандар қазір жергілікті ауруханаларда емделіп жатыр», - деді іздеу-құтқару агенттігінің жергілікті бөлімінен Мұхамад Арафа.
Апаттың себебі әлі анықталған жоқ.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды