Атыраудағы «Ақжайық» табиғи резерватында тағы да қамыс өртенді

Azattyq Rýhy

Ғарыштық мониторинг арқылы қамыстың бықсу ошағы анықталған

Атыраудағы «Ақжайық» табиғи резерватында тағы да қамыс өртенді
Фото ашық дереккөзден

Атыраудағы «Ақжайық» табиғи резерватында тағы да қамыс өрті тұтанды. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің мәліметінше, ғарыштық мониторинг арқылы қамыстың бықсу ошағы анықталған.

«Каспий теңізінің жағалауындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерват аумағында қамыс өрті тұтанған. Қазір бықсыған қамысты сөндіру үшін «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері жіберілді. Департамент тарапынан арнайы өрт сөндіруге аттанатын топ құрылды. Өрт ошағы ұлғайған жағдайда су шашатын құрылғысы МИ-8 тікұшағы әзір тұр», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Каспий жағалауында 7 күнге созылған қамыс өрті сөндірілген болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.