Қалалық білім басқармасы барлық балалар лагерінің жұмысын тексерді
Алматы қаласы білім басқармасының қызметкерлері балалардың жазғы лагерьлерін тексерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Басқарма хабарлауынша, тексеріс аясында бүлдіршіндердің бағдарламасын бағалап, демалысты ұйымдастыру мәселесі бойынша кураторлармен жұмысты күшейтті.
«Тиісті басқарманың қызметкерлері «Тау самалы» лагеріне балаларды кіргізбеуге шешім қабылдады. Оқушылар Қаскелеңге уақытша орналастырылып, кейін Алматыға қайтарылды», - делінген хабарламада.
Қызмет көрсетушінің жүктелген міндеттемелерді сапасыз орындауына байланысты шарт бұзылып, тиісті орынға хабарлама жолданды.
«Бел Ричи» ЖШС-не («Арман дала» лагері) де дәл осындай шешім қабылданды. Балаларды қауіпсіз әрі жайлы орналастыру үшін қажетті жағдайлар жасалмаған. Олар жазғы демалыс үшін басқа лагерьлерге жіберілді», - деп атап өтті мамандар.
Тақырыпқа орай: «Балалар лагерінде жартылай жалаңаш ер кісілер жүр»: Білім басқармасының жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды
Айта кетейік, биылғы жылы қала маңындағы лагерьлерде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 3000-ға жуық бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100 бала, сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар демалады.