$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Америкалық әскрери қызметкер Солтүстік Кореяға қашып кетті

Сарапшылар ол айыптаудан құтылу үшін осындай қадамға барған болуы мүмкін екенін айтты

Америкалық әскрери қызметкер Солтүстік Кореяға қашып кетті

Әскери қызметшінің мұндай әркетке бару себептері әзірге анықталған жоқ. АҚШ сарапшылары КХДР бұл оқиғаны енді өз пайдасына қолданатынын айтуда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Euronews ақпараттық порталының жазуынша, Пентагон Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы шекараны рұқсатсыз кесіп өткен АҚШ азаматы — екі айға жуық уақыт бұрын шабуыл жасады деген айыппен тәртіптік бөлімде болған сарбаз Травис Кинг екенін растады. Ол жұмыстан босатылу үшін АҚШ-қа оралуы керек еді, бірақ оның орнына демилитаризацияланған аймаққа экскурсияға қосылып, әуежайдан қашып кетті.

Ақ үйде және Пхеньянда болған оқиға туралы әлі түсініктеме жоқ.

«Экскурсия қатарында болған біздің әскери қызметшілеріміздің бірі әскери демаркация сызығын қасақана және рұқсатсыз кесіп өтті. Біз оны КХДР-да қамауда отыр деп санаймыз, сондықтан біз жағдайды мұқият қадағалап, тергеу жүргізіп жатырмыз. Біз әскери қызметкердің жақын туыстарына хабарлау және осы оқиғаны шешу үшін шаралар қабылдау үшін жұмыс істеп жатырмыз», — деді АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин.

«Ол жай ғана айыптаудан құтылу үшін осындай қадамға барған болуы мүмкін және қазір Солтүстік Кореяда оның жағдайы одан сайын қиындай түсті деп ойлаймын», - дейді Associated Press агенттігінің қызметкері Тара Копп

Сарапшылардың пікірінше, Солтүстік Корея ұсталған америкалық сарбазды үгіт-насихат және бопсалау мақсатында қолдана алады.

2018 жылы КХДР-да қамауда отырған АҚШ-тың үш азаматы босатылды. Бір жыл бұрын постерді ұрлады деп айыпталған студент Отто Уормбир үйіне ессіз күйінде оралып, кейінірек қайтыс болған еді.

Сәрсенбі күні таңертең Солтүстік Корея екі баллистикалық зымыранды ұшырды. Оңтүстік Корея мұны арандатушылық деп аталды.

Серіктес жаңалықтары