Жапонияда аптап ыстықтан 4 мыңға жуық адам ауруханаға түсті

Соңғы күндері елдің көптеген аймағында 35 градустан жоғары температура тіркелді

Жапонияда аптап ыстықтан 4 мыңға жуық адам ауруханаға түсті
Фото ашық дереккөзден

Жапонияда аптап ыстықтан кем дегенде 3 964 адам ауруханаға жатқызылды, бұл өткен аптамен салыстырғанда 737 адамға көп, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы сейсенбі күні Токиода өткен баспасөз мәслихатында Әкімшілік істер және коммуникациялар министрі Такеаки Мацумото мәлімдеді.

«Зардап шеккендердің жартысынан көбі егде жастағы адамдар. Біз халықты ыстықтан қорғанудың қарапайым шараларын сақтауды және тұрақты түрде жеткілікті мөлшерде су ішуге шақырамыз», - деп атап өтті басқарма басшысы.

Жапониядағы ең ыстық ауа райы әдетте шілде мен тамыз айларында болады. Соңғы күндері елдің көптеген аймағында 35 градустан жоғары температура тіркелді.

Айта кетерлігі, жыл сайын Жапонияда аптап ыстықтан ондаған мың адам ауруханаға түсіп, жүздеген өлім тіркеледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.