Финляндияда әуе шоуы кезінде ұшқыш қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Ұшақ Силланпяя әуежайы маңындағы орманға құлаған

Финляндияда Кувола қаласында болға авиашоуда ұшқыш жоғарғы пилотажды фигураларды орындау кезінде ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жергілікті Yle порталының хабарлауынша, полиция алдын ала анықталғандай, ұшақ Силланпяя әуежайы маңындағы орманға құлаған.

«Пилотажды ұшақты басқарған адам ұшақ апатының салдарынан қайтыс болды», - деп хабарлады БАҚ.

Оқиға орнындағы полицейлер жол апатына қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

Ұшақ құлаған кезде көрермендерге тікелей қауіп төнбегені, жиналған жұртшылықтың зардап шекпегені айтылды.