Бүгін солтүстік және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады
Жұма, яғни 20 наурыз күні елімізде циклондар және олармен байланысты фронталды бөліктердің әсерінен солтүстік және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады. Яғни, оңтүстікте жаңбыр жауса, солтүстік аумақтарда жаңбыр және дымқыл қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромерт» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Республикамыздың орталығы, солтүстік-шығысы және шығысына антициклон әсер еткендіктен, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің кей аумағында жел күшейеді, тұман сақталып, солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, кей жерінде тұман түседі.
Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Манғыстау облыстарының кей аумақтарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болады.
Ақтөбе облысының кей аумағында көктайғақ күтіледі.