$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте 383 жер учаскесі заңсыз қолданысқа беріліп кеткен

Прокурорлар жер заңмасының сақталуында өрескел бұзушылықтарды анықтады

Шымкентте 383 жер учаскесі заңсыз қолданысқа беріліп кеткен
Фото: 24.kz

Шымкентте 383 жер учаскесі заңсыз қолданысқа беріліп кеткен. Сорақысы сол бұл аумақтарда бас жоспарға сәйкес әлеуметтік нысандар мен автожол салынуы тиіс болған. Ал геопорталдың ғарыштық түсірілімі кезінде жеке меншік нысандардың тұрғызылғаны байқалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Прокурорлар жер заңмасының сақталуында өрескел бұзушылықтарды анықтады. Яғни жалған үкім негізінде учаскелер талан таражға түсіп, жекенің меншігіне өтіп кеткен. Қадағалаушы орган өкілдері сот шешімімен заңсыз соғылған нысандарды сүру жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Ал жер тілемдерін үлестіру бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтар ұсталып, қамауға алынды.

 «Құны 3 млрд 300 млн теңге болатын 72 гектар коммерциялық жер мемлекетке қайтарылды. Заңсыз жерлерді иемдену фактілері бойынша 18 қылмыстық іс қозғалып олар бойынша делдалдар мен алаяқтар жауапқа тартылып отыр», - деді қала прокуроры Ғабит Мұқанов.

Серіктес жаңалықтары