08.07.2023, 13:48
Жаңалықтар
ШҚО-ның таулы жерлеріндегі дала өрті толық сөндірілді
Өртті сөндіруге 100-ден астам адам мен 15 бірлік техника жұмылдырылды
Фото: t.me/qr_tjm
ШҚО Күршім ауданының таулы жерлерінде өртенген шөп толық сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күршім ауданында Құйған ауылдық округінде 2023 жылдың 8 шілдесінде сағат 11-де таулы жерлерде өртенген шөп 20 га аумақта толық сөндірілді.
Өрттің жетуі қиын жерде болғандықтан, жаяу жұмыс істеуге тура келді, бұл жағдайды қиындатты.
Өрттің тарап кетпеуі үшін әр соқпақты сүзіп шығуға тура келді.
Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінен Үлкен Нарын және Күршім орман шаруашылықтарынан 100-ден астам адам мен 15 бірлік техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)